Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Балабақша – мектеп» жүйесі: елордада жаңа білім беру моделі жүзеге асып келеді

«Балабақша – мектеп» жүйесі: елордада жаңа білім беру моделі жүзеге асып келеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында балабақшалар мен жалпы орта білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың мектепке бірізді, жүйелі әрі жеңіл бейімделуіне жағдай жасау мақсатында «Білім беру округтері (балабақша-мектеп)» жобасы табысты жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба баланың мектепке дейінгі кезеңнен бастауыш білімге өту үдерісін үйлестіруге бағытталған үш негізгі бағыт арқылы іске асырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаның алғашқы бағыты – «Педагогикалық SABAQTASTYQ», ол балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жылы бойындағы жүйелі әрі бірлескен кәсіби жұмысын көздейді. Бұл бағытта педагогтер тәжірибе алмасып, білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге баса назар аударады.

Екінші бағыт – «ADAPTATION DAYS» жобасы сәуір-мамыр айларында өткізіліп, оның аясында балабақшаның мектепалды топ тәрбиеленушілері мектепке экскурсия жасап, болашақ оқу ортасымен танысады. Бұл шара балалардың мектеп өміріне психологиялық тұрғыдан дайындалуына және оқушы рөліне бейімделуіне ықпал етеді.

Ал үшінші бағыт – «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді курсы маусым-тамыз айларында ұйымдастырылады. Аталған курс мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармаған балаларды мектепке даярлауға бағытталған.

Осы жұмыстар аясында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2026 жылғы 5-31 қаңтар аралығында «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлескен іс-әрекеттері бастау алды.

Аталған жоба аясында №44 «Үркер» балабақшасында №14 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында педагогтар балабақшаның оқу-тәрбие үдерісімен танысып, мектепалды топ тәрбиеленушілерінің ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне қатысып, олардың мектепке дайындық деңгейін бақылап, тәжірибелік байқау жүргізді.

Бұл бастама мектеп пен балабақша арасындағы өзара байланысты нығайтып, баланың білім беру жолындағы алғашқы қадамының сәтті әрі үйлесімді болуына жағдай жасайтыны сөзсіз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті