Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты

Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931,3 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,8 пайызға жоғары, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өсімнің негізгі тетігі ретінде өңдеу өнеркәсібі айқындалып отыр. Аталған саладағы өндіріс көлемі 743,2 млрд теңге болып, 32,1 пайызға артқан. Бүгінде өңдеу өнеркәсібінің үлесіне қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің шамамен 80 пайызы тиесілі.

Алматыда тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру бағыттары қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда мегаполисте 130-дан астам ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорны тұрақты жұмыс істейді.

Қала экономикасының өркендеуіне Алматы индустриялық аймағы да қомақты үлес қосып отыр. Оның жалпы аумағы 695 гектар. Аталған аймақта 151 компания жобаларын жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде 21,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына өнеркәсіптік парктер де тың серпін беруде. Бүгінде Алматыда жалпы аумағы 95 мың шаршы метр болатын 23 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді. Бұл алаңдарда 2400-ге жуық жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар Алматы еліміздің жетекші IT-орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына жалпы аумағы 163 гектарды қамтитын 178 компания қатысуда.

- Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу саласында 108 компания (НИТ, alabs.team, PayBox, «Личная Касса» және т.б.) өз қызметін экстерриториялық қағидат бойынша жүзеге асыруда;

- 70 компания (Kaspi Cloud, Freedom Data Centers, Eltex Alatau, Nero Lab, Xfinity Solutions, Kaztechinnovations, «Алтын Групп» және т.б.) арнайы экономикалық аймақ аумағында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта «ИТП» АЭА аумағында 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар аясында шамамен 1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Өнеркәсіп, өндірістік инфрақұрылым және инновациялық сектордың дамуы Алматыға экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтауға әрі қаланың инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды