Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алатау ауданы Саялы шағынауданында «ЖІГЕР» инновациялық шығармашылық және оқушыларды дамыту орталығы жұмысын бастады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған салтанатты ашылу рәсіміне Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Қосымша білім беруге арналған жаңа нысан қаладағы балалардың білім алуына, шығармашылықпен айналысуына, спортпен шұғылдануына және жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін ең ірі заманауи орталықтардың біріне айналды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Кешеннің жалпы аумағы 10,6 мың шаршы метрден асады, ал жобалық қуаттылығы екі ауысымда күніне 1350 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Орталықта қосымша білім берудің сұранысқа ие бағыттары бойынша барлық жағдай жасалған. Мұнда оқушылар робототехника, электроника, радиобайланыс, 3D модельдеу және прототиптеу кабинеттерінде білім ала алады. Сонымен қатар FABLAB зертханасы, бейнелеу өнері, музыка, хореография және медиа шығармашылық студиялары жұмыс істейді.

Балалардың зияткерлік дамуына да ерекше көңіл бөлінген. Орталықта планетарий, оқу залы, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ секілді үстел ойындарына арналған кабинеттер, сондай-ақ жобалық және зерттеу жұмыстарына бейімделген заманауи білім беру кеңістіктері қарастырылған.

Спорттық және инклюзивті бағыттар да кешеннің маңызды бөлігіне айналды. Мұнда бассейн, бокс, күрес, дзюдо, таэквондо және каратэ залдары жабдықталған. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін сенсорлық бөлме, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері, арнайы бассейн мен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кеңістіктері ашылған.

Орталықтағы тағы бір маңызды бағыт — экологиялық және агротехнологиялық білім беру. Осы мақсатта жылыжай, агромәдениет, бағбандық және аквапоника кабинеттері жасақталып, оқушылар тұрақты дамудың заманауи технологиясымен таныса алады.

Жаңа орталықтың ашылуы Алатау ауданы тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты оқиға болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Омарқазы Болатбаевтың айтуынша, «ЖІГЕР» балалардың дамуы мен өзін-өзі танытуына жаңа мүмкіндік береді.

«Мен осы шағынауданда көп жылдан бері тұрамын. Бүгін барлық тұрғын секілді балаларға арналған үлкен шығармашылық орталығының ашылғанына ерекше қуанып отырмын. Мұнда спортпен айналысуға, шығармашылықты дамытуға және жаңа дағдыларды меңгеруге толық жағдай жасалған. Бұл бүкіл аудан үшін маңызды әрі көптен күткен оқиға», — деді ол.

Көпбалалы ана Нұржамал Түменбаева да жаңа орталықтың отбасылар үшін аса қажет екенін айтты.

«Біздің ауданда осындай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Балаларымыз үшін осындай мүмкіндік жасағандарыңызға алғыс айтамын. Бұл жер балалардың жаңа білім алып, қабілетін дамытып, уақытын тиімді өткізетін маңызды орталыққа айналатынына сенемін», — деді ол.

Жаңа нысанға оқушылардың өздері де оң бағасын берді. Оқушы Ақниет Тоқсамбай орталықтың алғашқы күннен ерекше әсер қалдырғанын айтты.

«Бүгін бізді орталықтың ашылуына шақырды. Алғашқы сәттен-ақ оның заманауи, жарық әрі өте әдемі екенін байқадым. Мұнда түрлі бағыттағы үйірмелер көп және қабілетімізді дамытуға барлық жағдай жасалған», — деді ол.

Ал Айша Тоқсамбаева жаңа орталықтағы ерекше атмосфераны атап өтті.

«Бүгін орталықтың ашылуына қатысып, ерекше әсер алдым. Есіктен кіргеннен-ақ жылы атмосфера сезіледі. Барлығы ұқыпты әрі әдемі жасалған. Әр бөлме өзінше қызықты, назарды бірден аударды», — деді оқушы.

Алтыншы сынып оқушысы Аяла Оралбай орталықтың ашылу күні ұйымдастырылған көрмеге қатысқанын айтты.

«Бүгін көрмеде өзім жасаған Алматы қаласының макетін таныстырдым. Болашақта «ЖІГЕР»орталығында білім алып, үлкен тәжірибе жинағым келеді», — деді ол.

«ЖІГЕР» орталығының ашылуы Алматыдағы білім беру инфрақұрылымын дамыту және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Соңғы бір жыл ішінде Алматы әкімінің тапсырмасымен қалада 40 мыңға жуық орынға арналған 37 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Олардың қатарында жаңа мектептер, балабақшалар, қосымша білім беру орталықтары мен колледждер бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
14 комментариев
  • Dolores
  • 26-10-2026, 04:05
  • : 04:05
References: No deposit payid pokies australia https://pad.nixnet.services/
  • Charli
  • 26-10-2026, 21:11
  • : 21:11
References: Daily free spins payid pokies pokies payid instant
References: Live pokies bpay dle1.31-6kc3bfr2e.рф
  • Lucy
  • 27-10-2026, 08:34
  • : 08:34
References: Neosurf casino android australia licensed neosurf casinos australia
  • Sol
  • 28-10-2026, 00:25
  • : 00:25
References: Safe wire transfer casinos australia https://bbs.kxwh.cn
  • Alica
  • 28-10-2026, 05:14
  • : 05:14
References: Osko jackpot pokies best osko pokies platforms
  • Michale
  • 28-10-2026, 13:01
  • : 13:01
References: Osko and payid pokies real money pokies osko deposit
  • Alissa
  • 28-10-2026, 16:39
  • : 16:39
References: Casinos that accept PayID https://bbs.ybk001.com
  • Mamie
  • 28-10-2026, 21:39
  • : 21:39
References: MiFinity casino tutorial Australia Australian MiFinity casinos
  • Kendra
  • 28-10-2026, 23:43
  • : 23:43
References: Free spins payid pokies australia online pokies pay id
  • Sofia
  • 29-10-2026, 01:49
  • : 01:49
References: Bpay pokies literaturewiki.site
References: Online casinos that accept wire transfer Australia graph.org
  • Delores
  • 30-10-2026, 03:27
  • : 03:27
  • Ofelia
  • 01-11-2026, 02:06
  • : 02:06
Three-reel titles with simple paylines, popular with players who prefer straightforward mechanics. Bank transfers take one to three business days; PayID typically settles in minutes. The same identifier works across every operator that supports it, which is why online pokies australia payid adoption has grown quickly. Goldenstar caters to bigger bankrolls with higher table limits and PayID deposit ceilings above the market average. References: https://chat.spectre.app/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды