Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Оқушылар сарайының жұмысымен танысты

Алматы әкімі Оқушылар сарайының жұмысымен танысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайын аралады. Бұл – қаланың ең ірі қосымша білім беру орталығы. Нысан 1983 жылдан бері жұмыс істейді және спорт пен робототехникадан бастап экология, музыка және туризмге дейінгі бағыттарды қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Оқушылар сарайында 15,1 мыңнан астам бала білім алады. 200-ден аса педагог оқу кабинеттерінде, зертханаларда, бассейні бар спорт кешенінде, планетарийде, обсерваторияда және шығармашылық студияларда сабақ жүргізеді. Дархан Сатыбалды орталықтың инфрақұрылымымен танысып, классикалық музыка және робототехника сыныптарын көрді. Әкім мұндай бағыттарды дамыту Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес келетінін және балалардың жан-жақты дамуына маңызды рөл атқаратынын айтты. Барлық бөлмелер тәулік бойы бейнебақылау жүйесімен, өрт дабылы және заманауи қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Қала басшысы қосымша білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді