Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды

Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елорданың Алматы ауданына қарасты Теміржолшылар елді мекенінде орталық гүлзардың жаңартылған нұсқасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Абаттандырылған қоғамдық кеңістіктің ашылу рәсімі мерекелік әрі ерекше көңіл күйде өтті. Іс-шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, түрлі ойындар ұйымдастырылып, тәттілер мен сыйлықтар таратылды. Балалар жаңартылған демалыс аймағында уақыттарын көңілді өткізіп, алғашқы келушілердің қатарында болды.

Салтанатты ашылуға Алматы ауданы әкімінің орынбасары Сералы Тәжіханов және «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек қатысып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер құрудың маңыздылығын атап өтті.

Қайта жаңғырту жұмысы барысында гүлзар мен алаң аумағы толықтай жаңартылып, абаттандыру элементтері ретке келтірілді.Тұрғындардың жайлы демалысына барлық жағдай жасалды. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, жаңа орындықтар, көше жарықтандыру шамдары және қоқыс жәшіктері орнатылды.Сондай-ақ футбол алаңы мен автотұрақ орындары қарастырылды.

Көгалдандыру жұмысы аясында ағаштар мен гүл көшеттері отырғызылып, қоғамдық кеңістіктің сыртқы келбеті айтарлықтай жақсарды. Жаңартылған гүлзар балалардың қауіпсіз демалысына және отбасылық серуенге қолайлы орынға айналды.

Сонымен қатар, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы ауданында тағы бір жаңа гүлзардың ашылуы және абаттандырылған 12 ауланы пайдалануға беру жоспарланып отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды