Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы «Шелл» концернінің басшылығымен кездесті

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы «Шелл» концернінің басшылығымен кездесті
Фото: primeminister.kz

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың «Шелл» концернінің аға вице-президенті және Қазақстандағы төрағасы Сюзанн Куганмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен еліміздің мұнай-газ секторындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып саналатын компания арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Роман Скляр «Шелл» компаниясының Қазақстанның дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтіп, өзара ынтымақтастық 30 жылдан астам уақытқа созылғанын және мұнай-газ саласындағы бірқатар ірі жобаларды қамтитынын атап өтті. Негізгі жобалардың қатарында «Шелл» концернінің Қарашығанақ және Қашаған сияқты маңызды кен орындарын игеруге қатысуы бар.

Сюзанн Куган өз кезегінде «Шелл» компаниясы жаңа жобаларға одан әрі инвестиция салуға мүдделі екенін атап өтті. Еліміздің мұнай-газ резервтерін кеңейтуге үлес қосу үшін осы салада Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Бірлескен жобаларды одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан компанияның озық технологияларын тартуға және бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүдделі.

Кездесу соңында екі тарап өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруды жалғастыруға сенімді екендіктерін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті