Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Таза Қазақстан": елордада полицейлер 29 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Фото: Polisia.kz

Елордада полицейлер 29 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі. Осы мақсатта елордада "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтіп, Астана қалалық полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алды.

Акция басталғаннан бері полицейлер абаттандыру талаптарын бұзу мен қоғамдық орындарды ластаудың 29 мыңнан астам дерегін анықтады. Барлық құқық бұзушыларға әкімшілік жаза қолданылды. Бұдан бөлек рұқсатсыз қоқыс шығарғаны және ағынды суларды төккені үшін 400-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды.

Мәселен, қаладағы құрылыс компанияларының бірі тұрғын үй аумағында құрылыс қалдықтарын бейберекет жинаған. Бұл жағдай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолдануға негіз болды.

Астана қалалық полиция департаменті тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырады. Егер белгісіз орындарға қоқыс тастау, құрылыс және басқа да қалдықтарды заңсыз сақтау фактілерін байқасаңыз, дереу "102" арнасына хабар беріңіз. Сонымен қатар мүмкіндігінше құқық бұзушылықты, көлік нөмірлерін фото немесе видеоға түсіріп, дәлел ретінде ұсынуларыңызға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады