Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция балаларды тасымалдауды бақылауды күшейтеді және лагерь қызметкерлерін тексереді

Полиция балаларды тасымалдауды бақылауды күшейтеді және лагерь қызметкерлерін тексереді
Фото: primeminister.kz

Маусым айында Қазақстанның барлық қалаларында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Акция аясында полицейлер балаларды тасымалдау үшін көліктің техникалық жағдайын тексереді және жолдарда жүргізушілерді бақылауды күшейтеді. Жазғы каникул кезеңіндегі кешенді қауіпсіздік шаралары туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жазғы каникул қарсаңында білім беру ұйымдарында құқықтық тақырыптағы сабақтар, «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру жұмыстары, «жеке қауіпсіздік» сабақтары өткізілді, онда түнгі уақытта көшеде жүруге тыйым салу, жол қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша ақпарат берілді. «Қиын жасөспірімдермен» мақсатты профилактикалық жұмыс жалғасуда. 

«Балалардың қауіпсіздігі – ІІМ-нің ерекше бақылауында. Мектептерге полиция қызметкерлері бекітілген. Олар қауіпсіздік туралы және құқықтық тәрбие бойынша сабақтар өткізеді, профилактикалық жұмыстар жүргізеді, құқық бұзушылықтарға тосқауыл қояды. “Соңғы қоңырау” кезінде қауіпсіздік толығымен қамтамасыз етілді. Білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін тексеру жалғасуда. Жазғы демалыс аясында білім беру ұйымдарында бірқатар кешенді шара қабылданды. Атап айтқанда құқықтық лекциялар бойынша сабақтар, “Заң мен тәртіп” қағидатын түсіндіру жұмыстары, “жеке қауіпсіздік” сабақтары ұйымдастырылды. “Қиын жасөспірімдермен” мақсатты профилактикалық жұмыс жалғасып жатыр. 18–25 мамыр аралығында жол қауіпсіздігі бойынша “Абайлаңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді», — деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.  

Сонымен қатар министр жаңа оқу жылына алдын ала дайындық жұмыстары басталғанын баяндады. Мектептерге жақын аймақтарға тексерулер өткізілуде. Нәтижелері бойынша бірқатар қажеттіліктер анықталған. Әкімдіктер жаңа оқу жылы басталғанға дейін бұл кемшіліктерді жою қажет. Сонымен қатар маусымда «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жоспарланған.

Және де жаппай демалыс орындарының қауіпсіздігін ұйымдастыруға да мән беріледі. Жаңа талаптар енгізілді. 

«Енді, балалар лагерьлері – қосымша білім беру объектілеріне жатқызылады.Әкімдіктер оларды қысқа мерзімде өңірлік тізбесіне енгізу қажет. Өз кезегінде, ІІМ лагерь қызметшілерін тексеру, полиция қызметкерлерін бекіту, ұйымдастырылған балалар тасымалдауын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жазғы демалыс кезінде профилактикалық жұмыстар аясында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырамыз. Мұндағы басымдық жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, есепте тұрған, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылармен жұмыс істеу, балалардың түнгі уақытта үйден тыс болу фактілерінің жолын кесу, оларға алкоголь және темекі сатуға жол бермеуге бағытталады. Тәртібі жағынан “қиын” жасөспірімдерді анықтап, бақылауда ұстаймыз. Олармен тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр – әлеуметтік пайдалы жұмысқа және спортқа тартылуда», — деді министр.

Әкімдіктерге жазғы демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылады. ІІМ тарапынан олардың алдын алуға бағытталған кең түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрліктеріне және әкімдіктерге – бұл жұмысты күшейту ұсынылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді