Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зергерлік дүкеннен алтын бұйымдар ұрлаған елордалық қолға түсті

Зергерлік дүкеннен алтын бұйымдар ұрлаған елордалық қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Астанада зергерлік дүкеннен алтын бұйымдар ұрлаған ер адам анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада зергерлік дүкендерден алтын бұйымдарды жымқырған күдікті анықталды.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреудің сауда үйлеріндегі зергерлік дүкендерден алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Оқиға елордадағы сауда орталықтарының бірінде орын алған. 53 жастағы ер адам зергерлік бұйымдар сататын бутиктердің біріне кіріп, сатушыдан сақиналарды көрсетуді сұраған. Таңдаған бұйымдарын мұқият қарап шыққан соң, ол сатушыны түрлі әңгімемен алдап, алтын сақиналарды жымқырып, қылмыс орнынан бой тасалаған. Келтірілген материалдық шығын 315 мың теңгеден асты. Ұрланған бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізіп, түскен қаржыны өз қажетіне жұмсаған.

Нұра ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Астана қаласы полиция департаменті сауда орындарының иелеріне қырағы болуды ескертіп, дүкендерді ұрлықтан қорғау бойынша қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді