Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі оңтүстіккореялық Hyundae Medical көпсалалы ауруханасының басшылығымен кездесті

Алматы әкімі оңтүстіккореялық Hyundae Medical көпсалалы ауруханасының басшылығымен кездесті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Hyundae Medical көпсалалы ауруханасының президенті, доктор Ким Бу Собпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Алматы қаласында заманауи «SLG-Hyundae» көпсалалы ауруханасын салу жөніндегі бірлескен жобаны талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба қазақстандық «Шин-Лайн» ЖШС мен Оңтүстік Кореяның жетекші медициналық мекемелерінің бірі Hyundae General Hospital арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылмақ. 1998 жылы құрылған клиникада 400-ден астам орын бар, 29 медициналық бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

Жобаға салынатын инвестиция көлемі шамамен 65 млн АҚШ доллары. Аурухана 200 орынға есептелген. Онда стационарлық және амбулаториялық бөлімшелер, оталық блок, диагностикалық орталықтар және цифрлық медициналық жүйелер қарастырылады. Жобаны жүзеге асқанда 463 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қала әкімі бұл жобаның Алматының медициналық инфрақұрылымын дамыту, озық технология енгізу және халықаралық стандарттарға сай білікті медициналық маман даярлау тұрғысынан стратегиялық маңызға ие екенін атады. Әкімдік тарапынан жер телімі беріліп, салалық жоғары оқу орындарымен бірлесіп маман даярлауға қолдау көрсетілетіні айтылды.

Жобаны жүзеге асыру Алматы тұрғындары үшін медициналық қызмет сапасын арттыруға, өңірде медициналық білім мен медициналық туризмді дамытуға, сондай-ақ қала мен ел экономикасына мультипликативті әсер етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді