Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Үкіметі ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін шамамен 40 млрд теңге бөлді

ҚР Үкіметі ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін шамамен 40 млрд теңге бөлді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңірлердің әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 млрд 987 млн теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар.

Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі: 

  • Арқалық өңірлік ауруханасы перзентханасының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға; 
  • Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының екі блогын күрделі жөндеуге; 
  • Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас ғимаратын күрделі жөндеуге;
  • Балқаш қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға; 
  • Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасының ангиографиялық ота жасайтын бас корпусына қосымша ғимарат салуға және ангиографиялық қондырғыны орналастыруға; 
  • Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді