Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мәдениет және өнер саласы қалай дамып жатыр

Астанада мәдениет және өнер саласы қалай дамып жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

21 мамыр – елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Астана қаласында бүгінде Мәдениет басқармасына қарасты 13 мәдени мекемеде 2 444 қызметкер еңбек етіп жүр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда елордада театр, музыка, кітапхана, музей және шығармашылық ұжымдардың қызметі қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы мәдени орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Елордада соңғы екі жыл ішінде қаладағы кітапханалар саны 18-ден 25-ке дейін артып, оқырман саны да көбейіп жатыр.

Сонымен қатар, 2025 жылы «Өнер музейі» ашылып, мәдени кеңістіктің маңызды орталығына айналса, биыл симфониялық «Go Simpfony» оркестрінің ашылуы өнерсүйер қауымға рухани серпін берді.

Жалпы 2025 жылы 20 мыңнан астам мәдени іс-шара өтіп, 200 миллионға жуық көрерменді қамтыған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бері елордадағы кітапханаларды жаңғырту, модернизациялау және кітап қорын толықтыру жұмысы жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, бүгінде Астанадағы кітапханалар саны 25-ке жетті, яғни қалада 7 жаңа кітапхана бой көтеріп, 40-қа жуық жас маман жұмыспен қамтылды.

Бүгінгі таңда қалалық әкімдікке қарасты жеті театр жұмыс істейді: Жастар театры, Наз мемлекеттік би театры, Қуыршақ театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры, Музыкалық жас көрермен театры және Қанаттылар инклюзивті театры.

Басқармаға қарасты театрлар жұмысына келер болсақ, театрлардың инфрақұрылымын дамытуға, материалдық-техникалық базасын жақсартуға және репертуарын жаңартуға ерекше назар аударылуда. Нәтижесінде өткен жылы елорда театрлары көрермендерінің саны 30%-ға өсіп, бүгінгі таңда 2025 жылдың 11 айында 300 мыңнан астам көрермен саны қамтылды.

Мәселен, Дулат Исабековтің шығармасы негізінде сахналанған «Гауһартас» қойылымы еліміздің 14 қаласында көрсетіліп, бүгінгі таңда 300-ден астам рет көрермен назарына ұсынылды. «Гауһартас» музыкалық драмасы «UMAI-2023» ұлттық сыйлығының «Театр өнері» номинациясында «Үздік спектакль» деп танылды.

Сондай-ақ, Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының «Танакөз» қойылымы және М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Әлия» драмасы көрермендер тарапынан жылы қабылданып, тұрақты сұранысқа ие.

Қаламыздағы театрлардың әрқайсысы өз ерекшелігін сақтап, көрерменге сапалы, қызықты қойылымдар ұсынуда. Жастар театры – 15 жылдан астам уақыт бойы қаладағы ең сұранысқа ие ұжым болып отыр. «Наз» би театры ұлттық би өнерін дамытуда үлкен үлес қосуда. Қуыршақ театры кішкентай ғимаратта болса да, жас көрермендердің қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Осылайша, Астана қаласындағы театрлар мәдени өмірдің маңызды орталығына айналып, халыққа сапалы өнер көрсетуді жалғастыруда, ұлттық және заманауи мәдениетті дамытуда ерекше рөл атқарып келеді.

«Заң мен тәртіп», нашақорлық, Таза Қазақстан тақырыптары да театр сахнасында сахналанып, қоғамға ой салады.Соңғы жылдары Астана театрларының ел арасына гастрольдік сапарлары артты, сонымен қатар өңірлік театрлар да елорда сахнасында өнер көрсетті. Бұл өзара тәжірибе алмасуға, шығармашылық байланыстарды нығайтуға, ұлттық мәдениеттің сапалы үлгілерін бүкіл елге танытуға мүмкіндік берді.

Мысалы, Астана қаласы Жастар театры Өзбекстан мен Қырғызстанға, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры қыркүйек айында Өзбекстанға, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Танакөз» қойылымымен Шымкент, Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларына, ал «Сәйгүлік» қойылымымен Батыс өңіріне, Музыкалық жас көрермен театры халық сұранысына сәйкес басқа қалаларға гастрольдік сапарларын тұрақты түрде ұйымдастырып жүр.

Театрларымыздың әр қойылымдары аншлагпен өтуде. Талғамы биік көрермендердің өз қалаларына шақырып, сахнадағы өнерді жоғары бағалап отырғаны біз үшін үлкен жетістік. Бұл тәжірибе Астананың мәдени әлеуетін арттыруға, елордалық театрлардың кәсіби деңгейін көтеруге, сондай-ақ ұлттық өнердің үздік үлгілерін бүкіл елге көрсетуге мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің бұйрығымен 3 жылдық жоспар бекітілген болатын, осыған орай, 2023 жылдан бері елордадағы кітапханаларды жаңғырту, модернизациялау және кітап қорын толықтыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, бүгінде Астанадағы кітапханалар саны 25-ке жетті, яғни қалада 7 жаңа кітапхана бой көтерді.

Кітапханалар саны 18-ден 25-ке жетіп, тұрақты оқырмандар қатары 80 мыңнан 100 мыңға өсті, ал кітап қоры 900 мың данаға жетті. Қазіргі таңда барлық 25 кітапхана күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Кітапханалар жүйесінде 16 көпшілік, 8 балалар, сонымен қатар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған 1 арнайы мамандандырылған кітапхана бар.

Барлық нысандар заманауи талаптарға сай жабдықталды. Жоғары жылдамдықты интернет тартылып, жаңа компьютерлер орнатылды. Оқу залдары кеңейтіліп, коворкинг және шығармашылық аймақтар ашылды.

Жаңадан ашылған кітапханалар қаланың жаңа салынған нысандарында – сол жағалау мен оң жағалаудағы тұрғын кешендерде орналасқан.

Алдағы уақытта кітапхана жүйесінің жұмыс уақытын ұзарту жоспарланып отыр. Мысалы, Абылай хан көшесі 4/1 мекенжайында орналасқан М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана осы бағыттағы тиімді тәжірибенің бірі болып табылады. Кітапхананың жұмыс уақыты сағат 23:00-ге дейін ұзартылды. Бұл шешім маңайдағы жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар үшін оқу және ізденіс мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Алдағы уақытта осы тәжірибені басқа кітапханаларда да енгізу көзделіп отыр. Мұндағы мақсат – тұрғындардың, әсіресе студенттер мен жастардың кітапхана қызметіне еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Бүгінде кітапханалар тек кітап оқитын орын емес – мұнда шығармашылық үйірмелер, әдеби кездесулер мен мәдени іс-шаралар тұрақты өткізіл, креативті орталықтар ашылуда.

Сонымен қатар, кітапханалар мен зиялы қауым өкілдері арасында тығыз байланыс орнату мақсатында оқырмандармен тұрақты кездесулер өткізіп, бүгінде кітапханалар әдеби және мәдени іс-шаралар өтетін маңызды орталықтарға айналды.

Қазіргі таңда кітапхана қорын толықтыру ісі де жүйеленді. Арнайы комиссия бекітіліп, жаңа кітаптар сол комиссияның шешімімен алынады. Сонымен қатар, комиссия мүшелеріне белгілі қоғам қайраткерлері, жастар кіреді. Сондай-ақ, оқырмандар арасында сауалнамалар жүргізіліп, олардың сұранысына сәйкес кітаптар қоры толықтырылып отырады.

Бүгінде елордалық кітапханаларда тіркелген оқырмандар саны 100 мыңға жуықтады.Елорламызда халық өсіп жатқандықтан, біз кітапханалар желісін кеңейту және тұрғындарға қолжетімді оқу кеңістігін қалыптастыру жұмыстарын жалғастырамыз.

Қалада жыл сайын 20 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шара ұйымдастырылады. Оның ішінде халықаралық театр фестивальдері, ірі көрмелер, классикалық және заманауи музыка концерттері, open-air жобалар, сондай-ақ ұлттық мерекелер аясындағы мәдени бағдарламалар бар.Соның ішінде елорда күндері мен Наурыз мерекесі – Астананың мәдени келбетіне айналған ірі жобалар.

Жыл сайын еліміздің тарихи-рухани құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұлттық мерекелер мен мемлекеттік маңызы бар даталар кең көлемде атап өтіледі. Атап айтқанда, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні, Республика күні және өзге де мерекелер аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мазмұнды іс-шаралар кешені ұйымдастырылады.

Елордада Наурыз мейрамы дәстүрге айналған «Наурызнама» он күндігі форматында өткізіледі. Бұл бастама елордамыздың мәдени кеңістігін жаңғыртып, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бірлік, мейірім, татулық құндылықтарын терең насихаттауға бағытталған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді