Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жаңа балалар кітапханасы ашылды

Астанада жаңа балалар кітапханасы ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласында Республика күні қарсаңында қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты жаңа №7 балалар кітапханасы ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты ашылу рәсіміне филология ғылымдарының докторы, академик, Ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев, Қоғамдық кеңес мүшелері Бақдаулет Жанділдаев пен Азамат Оспанов, сондай-ақ «Сарайшық» ауданы әкімдігінің және Мәдениет басқармасының өкілдері қатысты.Жаңа кітапхана заманауи оқу залы, интерактив және коворкинг аймақтарымен жабдықталған. Кітап қоры көркем, анықтамалық, энциклопедиялық және шетел әдебиеттерін қамтиды.

Нысан «Сарайшық» ауданында, А-91 көшесі, 17-үй мекенжайында орналасқан.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елордада кітапхана жүйесін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып келеді.2023 жылы Астанадағы 4 кітапхана жаңғыртылды. 2024 жылы тағы 4 кітапхана жөндеуден өтіп, 4 жаңа кітапхана қала тұрғындарының игілігіне берілді. Биылғы жылы елордада 3 кітапхана жаңғыртылып, 3 жаңа кітапхана ашылды.Нәтижесінде, Астанадағы кітапханалар саны 25-ке жетті. Сонымен қатар, оқырмандар қатары 90 мың адамға артып, елорда тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығы айтарлықтай өсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады