Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев Air Astana әуе компаниясының қызметі жөнінде кеңес өткізді

Нұрлыбек Нәлібаев Air Astana әуе компаниясының қызметі жөнінде кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Air Astana әуе компаниясы басшылығының есебін тыңдады. Онда компанияның қазіргі қызметі мен дамудың негізгі бағыттары бойынша жоспарлары баяндалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында халықаралық және ішкі маршрут желісін дамыту, әуе кемелері паркін жаңарту, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар әуе тасымалдаушының стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен және серіктестермен үйлестіруді күшейту шаралары талқылады. 

Air Astana әуе компаниясының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыелдің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания 9,7 млн жолаушы тасымалдаған. Бүгінде компанияның әуе кемелері паркінде 62 ұшақ бар, ал 2030 жылға қарай олардың санын 86-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар әуе компаниясы былтыр 25 жаңа бағыт ашса, биыл тағы 16 бағытты іске қосуды көздеп отыр.

Кеңес соңында компания басшылығына негізгі бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру, әсіресе ішкі әуе бағыттары желісін дамытуға ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді