Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады

Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл 27, 28 мен 29 мамырға сәйкес келетін Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді. Қаланың барлық 56 мешітінде 27 мамыр күні сағат 06:00-де айт намазы оқылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мұсылмандардың осы бас мерекесіне дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қаланың бес ауданында құрбан шалуға арналған арнаулы алаңдар ашылған.

Алатау ауданы:
• «Мырзахмет» мешіті — Қарасу шағынауданы, Солтүстік айналма көшесі, 15;
• «Алғабас» мешіті — Алғабас шағынауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
• «Әл-Әзим» мешіті — Азат көшесі, 20а;
• «Нұр» мешіті — Ұйғыр көшесі, 16/1.
Бостандық ауданы:
• «Бақыткелді» мешіті — Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы:
• «Омар ибн әл-Хаттаб» мешіті — Жуков көшесі, 136а;
• «Аманқұл ата» мешіті — Т. Бигелдинов көшесі, 5;
• «Фатима» мешіті — Малая көшесі, 14;
• «Райымбек батыр» мешіті — Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15;
• «Арафат» мешіті — Ибрагимов көшесі, 5а.
Наурызбай ауданы:
• «Қалқаман-2» мешіті — Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы:
• «Қайрат» мешіті — Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.

Спикердің айтуынша, арнаулы алаңдарда мешіт қызметкерлері жұмыс істеп, құрбан шалу рәсімінің діннің талабына сай орындалуын қадағаламақшы.

Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Айдарбекұлы да брифингте сөз алып, биыл қаладағы мерекелік іс-шараға шамамен 100 мың адам қатысады деп жобалап отырғандарын айтты. Осындай үлкен іс-шараға байланысты кешенді мекемеаралық жұмыс та жүргізіліп жатыр.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, санитарлық, ветеринарлық талаптың сақталуын бақылап, қала аумағында мерекелік іс-шаранды ұйымдасқан түрде өткізетін кешенді жұмыс қолға алынды. Қалалық жоспар аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, төтенше жағдайдың алдын алып, құқықбұзушылыққа жол бермеу мен діни рәсімді талапқа сәйкес өткізуге бағытталған тиісті шаралар қабылданады», – дейді Әлімбек Айдарбекұлы.

Сонымен қатар Алматыда тұрғындардың қашықтан құрбан шалуына мүмкіндік беретін qurban.muftyat.kz онлайн қызметі қайта іске қосылды. Құрбандық шалынғаннан кейін оларға есеп беріп отырады.

Бұдан бөлек, платформа арқылы мұқтаж отбасыларға ет таратуға өтініш те қабылданады. Қаланың барлық 56 мешітінде ет қабылдайтын, ет тарататын пункттер жұмыс істейді осы күні. Өнімді сақтау мен тасымалдау үшін арнаулы мұздатқыш камералар мен көліктерді де дайындап қойыпты.

Құрбан айт мерекесі аясында Алматыдағы біраз мешітте киіз үй тігіліп, жамағатқа дастарқан жайылады. Сондай-ақ ұлттық спорттық іс-шаралар, қайырымдылық акциялары мен мұқтаж отбасыларға, қарттар үйі мен балалар мекемесіне азық-түлік себетін тарату жағы да жоспарланған.

Қаланың бас имамы тұрғындарды тазалық сақтап, арнайы бөлінген орында ғана құрбан шалуға шақырды.

«Құрбан айт мейірімділіктің, өзара көмек пен рухани жаңғырудың жолы. Оны діни талап пен тазалыққа мен беріп өткізейік», — дейді Төлеби Оспан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді