Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сергей Компаниец ҚР Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Сергей Компаниец ҚР Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сергей Компаниец ҚР Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту вице-министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа вице-министрді ұжымға таныстырды. Вице-министр лауазымында Сергей Компаниец білім беруді цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне енгізу бағыттарына жетекшілік ететін болады.

Сергей Компаниец компания 1986 жылы Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылында дүниеге келген. Астана қаласының Мемлекеттік политехникалық колледжін, Басқару институтын, Академиялық инновациялық университетті және Джордж Вашингтон университетін бітірген.

2006–2009 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ-де жүйе технигі, директордың орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

2009 жылдан 2011 жылға дейін «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-да департамент директоры және ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің «Алмас» РМҚК директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015 жылдан 2020 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда, Шымкент қаласы әкімінің аппаратында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, сондай-ақ «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдан 2024 жылға дейін Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі, «Turkistan» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы, «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді