Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Евгений Кочетов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Евгений Кочетов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Евгений Кочетов 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

2009-2013 жылдар аралығында "Жас Отан" ЖҚ және "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары – "Цесна Корпорациясы" АҚ девелопментінде бөлімше басшысы.

Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы "Қазконтент" АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.

2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

2017-2018 жылдары – "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы.

2018-2019 жылдары "Нұр Отан" партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары – "Рухани Жаңғыру" КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының бас директоры болып жұмыс істеді.

Әр жылдары "Литер" қоғамдық-саяси газеті, "Капитал" іскерлік басылымы, "Власть" интернет-журналы, "Информбюро" ақпараттық-талдау порталында шолушы болып жұмыс істеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады