Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық жоба: өңірлерде алғашқы жобалар іске қосылды

Ұлттық жоба: өңірлерде алғашқы жобалар іске қосылды
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) жөніндегі ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ол пилоттық жобаларды қаржыландыру, сатып алу тетігі, отандық өндірушілерді қолдау және «Smart Turmys» бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселелері бойынша есептерді тыңдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта аталған құжат аясында 48 пилоттық жоба бекітілген. Биыл «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 пилоттық жобаны іске қосуға 22,5 млрд теңге бөлінді. Бұл – «ҚТК» АҚ тарапынан әкімдіктердің облигацияларын сатып алып, жылу, су, су тазарту және электрмен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға бағытталған алғашқы тәжірибе.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ қарауында жалпы құны 118,4 млрд теңгені құрайтын 8 жоба бар. Мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілер мен табиғи монополия субъектілері арасында өзара іс-қимылды ұйымдастырды. Отандық өндірушілердің тізілімі жасақталуда. Өңірлер бойынша 669 EPC-мердігер және 2,2 трлн теңгенің 2,7 мың тауар позициясы айқындалды.

Офтейк келісімшарттар аясында өндірісті жолға қою үшін әлеуетті тауарлар тізімі жасалды. Тауарларға деген сұраныс Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және «QazIndustry» АҚ-ның ресми сайттарында жарияланды.

Электрондық сатып алу платформасы әзірленуде. Саладағы қауымдастықтар мен отандық өндірушілерге тауарларды сатып алу тетігін түсіндіру бойынша кездесулер өтті. Ұлттық жобаның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында өңірлерде көшпелі семинар-кеңестер жалғасуда. ЭКСЖ-ның жүзеге асырылу барысы modernization.kz сайтында және «Модернизация.Кз» Telegram-арнасында жарияланып отырады.

Жобалық офис отырысында одан бөлек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру, аспаптармен жабдықтау және жасанды интеллекті енгізу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиынды қорытындылай келе, вице-премьер Қанат Бозымбаев әкімдіктер мен салалық министрліктерге Ұлттық жоба аясында жүзеге асып жатқан барлық процесті жедел аяқтау және өңірлердің 2026–2029 жылдарға арналған қажеттіліктерін айқындау жөнінде бірқатар тапсырма берді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті