Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді

ІІМ: Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар. Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деп күдікке ілінді. 

- 21 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді. Мысалы, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше бірлік атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда. ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады. "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру негізгі бағыттардың бірі болып қала береді, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді