Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Астанада бопсалау және алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топтардың әрекеті тоқтатылды

ІІМ: Астанада бопсалау және алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топтардың әрекеті тоқтатылды
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі елордада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Астана қалалық полициясының жедел іс-шараларының нәтижесінде еліміздің әртүрлі өңірлерінен қылмыстық жолмен баю мақсатында келген бірнеше қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маусым айының басында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар үш ұйымдасқан топтың мүшелерін ұстады. Олар елорда аумағында заңсыз әрекеттерді жүзеге асыруға тырысқаны анықталды.

- Бір эпизодта күдіктілер азаматтарды қару қолданамыз деп қорқытып, 10 миллион теңгеге дейін ақша бопсалаған. Тағы бір жағдайда қаладағы базарлардың бірінде кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалау арқылы олардың қызметіне көлеңкелі бақылау орнатпақ болған. Тергеу шаралары барысында травматикалық және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ қылмыстық схемаларда қолданылған болуы мүмкін микрокаржы ұйымдарының құжаттары тәркіленді. Барлық күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс. 

Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық ахуалды бақылауда ұстау "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасы аясында басты назарда екенін атап өтеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады