Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Шымкентте қылмыстық топтар ұсталды

ІІМ: Шымкентте қылмыстық топтар ұсталды
Фото: бейнескриншот polisia.kz

Ішкі істер министрлігі өңірлердегі қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Шымкентте ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар осындай 10-нан астам топ ұсталды.

8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобын ұстады. Олардың бопсалауға, бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы болғаны туралы мәліметтер алынды.

11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған.

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілді, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

– Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Өңірлерде “заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді