Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда өрт кезінде азаматтарды құтқарған ҚАЖД қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды

Қостанайда өрт кезінде азаматтарды құтқарған ҚАЖД қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды
Фото: polisia.kz

Қостанай қаласында болған өрт кезінде ҚАЖД жеке құраммен жұмыс жөніндегі топтың кәсіби, қызметтік және дене даярлығы бойынша аға инспекторы Серік Кубеков жоғары қырағылық пен батылдықтың үлгісін көрсетті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол тергеу изоляторы қызметкерлері тұратын үйдің жанынан өтіп бара жатып, өрттің белгілерін байқап, дереу әрекет еткен. Уақыт жоғалтпай үйге кіріп, ұйықтап жатқан тұрғындарды оятып, оларды қауіпсіз жерге шығарады. Сонымен қатар гаражда тұрған жаңа автокөлікті де дер кезінде сыртқа шығарып, оны өрттен аман сақтап қалған. Әділет майорының жедел әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрттің таралуына жол берілмей, азаматтардың өмірі мен мүлкі аман қалды. Оның бұл әрекеті қызметтік борышқа адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және шынайы ерліктің айқын көрінісі болды. Осы ерлігі үшін жеке құраммен жұмыс жөніндегі топтың кәсіби, қызметтік және дене даярлығы бойынша аға инспекторы Серік Кубеков Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен наградталды. Бұл марапат – оның ел қауіпсіздігі жолындағы адал қызметі мен адам өмірін құтқарудағы батылдығына берілген жоғары баға.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді