Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында полицей бір үйлі жанды өрттен аман алып қалды

Абай облысында полицей бір үйлі жанды өрттен аман алып қалды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында полиция қызметкері өртті тоқтатып, отбасы мүшелерін құтқарып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бородулиха ауданында полиция қызметкерінің шұғыл әрекетінің арқасында өрт тез арада тоқтатылып, адам шығыны болмады.

7 қазанда сағат 01:15 шамасында табиғатты қорғау полициясының инспекторы Ерасыл Сыдыков кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатып, Крупская көшесінде түтінді байқап қалады. Ол бірден көлігін тоқтатып, оқиға орнына бет алады. Анықталғандай, Бородулиха ауылы Крупская көшесі 137 мекенжайындағы жеке үйдің шатыры жанып жатқан еді.

Ерасыл Сыдыков тез арада №12 өрт сөндіру бөлімшесінің диспетчерлік қызметіне хабарласып, өрттің нақты мекенжайын жеткізді. Өрт сөндірушілер келгенше уақытты босқа өткізбей, ол әрекет ете бастады. Полицей үй иелерін ояту үшін терезелер мен есіктерді қағып, іште адамдардың бар-жоғын анықтауға тырысты, алайда ешкім жауап бермеді.

Оқиғаның қауіптілігін түсініп, тәртіп сақшысы терезені сындырып, үйге кірді. Ол барлығын оятып, отбасы мүшелерін қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы дер кезінде жетіп, өртті сөндірді. Ерасыл Сыдыковтың сауатты және батыл әрекеттерінің арқасында адам шығынын болдырмауға және шығынды азайтуға мүмкіндік туды.

Өрттен аман қалған үй иелері полицейге шексіз алғыстарын білдірді.

— Менің орнымда кез келген адам осылай жасайтын еді. Ең бастысы, ешкім зардап шеккен жоқ, — дейді Ерасыл Сыдыков.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді