Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) Атқарушы директоры Диене Кейтамен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Қазақстан жаһандық мәселелерді шешуге арналған әмбебап алаң ретіндегі БҰҰ-ның бірізді қолдаушысы болып табылады және көпжақты диалогты кешенді реформалауға бағытталған «UN80» бастамасын іске асыруға белсенді қатысуда.

Осы тұрғыда Министр Қазақстан Үкіметі мен ЮНФПА арасындағы ана мен сәби өлімін төмендету, жастар денсаулық орталықтарын дамыту және демография мен халық мәселелері бойынша кешенді зерттеулер жүргізу бағытындағы ынтымақтастықты оң бағалады.

Е.Көшербаевтың айтуынша, денсаулық сақтау, жастар саясаты және гендерлік теңдік мәселелері ЮНФПА-мен өңірлік диалогтың маңызды бағыттарының біріне айналуы тиіс.

Осы ретте Министр Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының алаңын ЮНФПА-ның өңірдегі қатысуын кеңейту үшін белсенді пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде, Д.Кейта БҰҰ Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жүйелі реформаларын жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның денсаулық сақтау, жастар және отбасы саясатын дамыту, сондай-ақ ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету салаларында елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін айтты.

Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ұйымның Алматы қаласында демографиялық орнықтылық мәселелері бойынша ЮНФПА-ның Орталық Азия хабын ашу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Аталған хаб өңірдегі демографиялық даму мәселелерін жинақтау, талдау және зерттеу жөніндегі орталыққа айналады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді