Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясына қатысу аясында шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ Президентінің Арнайы тапсырмалар жөніндегі өкілі Ричард Гренеллмен өткізілген келіссөздер барысында тараптар қазақ-американ ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, соның ішінде сауда және инвестиция салаларындағы перспективаларды талқылады. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға және жаһандық әрі өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға ерекше көңіл бөлінді.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде алдағы ресми сапарлар, атап айтқанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарына дайындық мәселелері қаралды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскиймен кездесуде саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегі қарастырылып, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы аталып өтті.

Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестікті дамыту және барлық негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бейілділігін растады.

Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен өткен келіссөздерде тарихи тамырлар мен дәстүрлі достыққа негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірілді. Саяси, экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен өткен кездесуде екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік, сондай-ақ гуманитарлық байланыстар талқыланды. Министрлер қазақ-өзбек қарым-қатынастарының орнықты дамуына жоғары баға беріп, екі бауырлас ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өзара бейілділікті қуаттады.

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдде туғызатын барлық бағыттар бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті