Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында бойжеткеннен синтетикалық есірткі тәркіленді

Жетісу облысында бойжеткеннен синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер синтетикалық есірткіні сақтау және тарату фактісінің жолын кесіп, күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“102” арнасына көпқабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы подъезде қыз тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция ротасының қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барған. Тексеру барысында 20 жастағы бойжеткеннің мінез-құлқынан өзгешелік байқалған. Полицейлер ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Шақырту бойынша жұмыс жүргізу кезінде көпқабатты үйдің подъезінен изолентамен оралған 31 түйіншек табылып, тәркіленді. Сонымен қатар жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту барысында екі аэрозольді баллон алынған.

Тергеу мәліметінше, күдікті осы жылдың сәуір айынан бастап Telegram мессенджері арқылы синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар “скорость” деп аталатын синтетикалық есірткі екені анықталды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 14 грамнан асқан. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді