Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда синтетикалық есірткі сақтаған күдікті анықталды

Алматыда синтетикалық есірткі сақтаған күдікті анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда синтетикалық есірткі сақтаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында психотроптық затты заңсыз сақтау дерегін анықтады. Тексеру кезінде қаптамаға оралған күйдегі заттар табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған заттар синтетикалық есірткі түріне жатады. Аталған факт бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

— Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Әсіресе азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретін синтетикалық заттарды анықтау мен тәркілеуге ерекше назар аударылады, — деп атап өтті Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері Алматыда полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан жалпы салмағы 536 келіден астам есірткі затын тәркілеген. Оның ішінде 55 келісі синтетикалық есірткіні құрайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады