Атырау облысының Жангелдин ауылында бір жанұяның төрт мүшесін қатыгездікпен өлтіру қылмыстық ісі бойынша сот процесі 2026 жылғы 18 мамырға белгіленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында ашық форматта қаралады.
Сот отырысына судья Зарема Хамидуллина төрағалық етеді. Ол бұған дейін бірнеше резонанс тудырған қылмыстық істер бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Атап айтқанда, судья Яна Легкодимованы өлтіру ісі, NCOC компаниясы менеджерінің өлімі, сондай-ақ Құлсарыдағы педофилге қатысты іс бойынша үкім шығарған. Оның шығарған үкімдерінің ешқайсысы, соның ішінде төрт өмір бойғы жаза да, жоғары тұрған соттар тарапынан өзгертілмеген немесе күшін жоймаған.