Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда адам өлтіруге оқталған жігіт 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Атырауда адам өлтіруге оқталған жігіт 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) күдікке іліккен М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Биылғы 9 наурызда сотталушы М. бұрын өзімен бірге тұрған әйелдің үйінің ауласына кірген. Сол кезде әйелді өзге ер адамдармен көрген. Қызғаныштың салдарынан жәбірленушіге пышақ ала ұмтылған. Сөйтіп, жәбірленушінің басы мен денесіне пышақпен бірнеше жарақат салған. Осы кезде оқиға куәгері Ф. жүгіріп келген. Куәгер өзінің танысы Б.-ны көмекке шақырған. Айқайды естіп үйінен жүгіріп шыққан Б. жәбірленушіге қарай пышақпен кетіп бара жатқан М.-ны көріп, оның бетіне бұрышты баллонды шашып жіберген», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Жәбірленуші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Прокурор сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Жәбірленуші прокурордың пікірімен келіскен. Ал, сотталушы кінәсін ішінара мойындаған.

«Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және бейнежазбалармен дәлелденді. Жаза тағайындау кезінде М.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның жас балаларының бары ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот М.-ға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», -деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 5 адам мерт болған жол апатына кінәлі жүргізуші сотталғанын жазған едік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады