Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сарыағашта қыз баланы өлтірген қылмыскерді жеңіл жазамен жіберген судья қызметімен қош айтысты

Сарыағашта қыз баланы өлтірген қылмыскерді жеңіл жазамен жіберген судья қызметімен қош айтысты
Фото: pixabay.com

Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген қылмыскерді әуелгі ісі бойынша жеңіл жазамен босатқан судья қызметінен босатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 қазанда Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өткен. Оған жергілікті сот судьяларының тәртіптік істері қаралған.

Отырыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы аудандық сотының судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алматы және Түркістан облыстарының аудандық соттарының екі судьясына судья қызметінен босату түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

– Азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылық жасау жаза қолдануға негіз болды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған судьялардың ішінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының судьясы Н. Б. Шетеновтің ісі қаралды. Тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша Н.Б. Шетеновьті судья қызметінен босату түрінде жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы", - делінген хабарламада.

Еске салайық, шілдеде Түркістан облысында қаскөй 5 жасар қызды зорлап өлтіргені хабарланған. Кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды өлтіру)  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған. 2023 жылдың мамыр айында жанжалда спирттік ішімдік ішіп отырып, ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған.

Президент Тоқаев бұған дейін ауыр қылмыс жасағанына қарамастан күдіктіге жеңіл жаза тағайындаған судьяны тексеруді тапсырған.

Бүлдіршінді қатыгездікпен өлтірген педофилге қыркүйекте үкім шықты. Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот оған химиялық кастрация қолдануды қаулы етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді