Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда сталкинг дерегі дер кезінде тоқтатылды

Алматыда сталкинг дерегі дер кезінде тоқтатылды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының полициясы азаматтарды негізсіз қудалаудан қорғау бағытында нақты шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осы бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде қала тұрғыны бұрынғы жұбайы тарапынан үздіксіз қудалау фактісі бойынша полицияға жүгінген. Аталған өтініш негізінде полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында құқыққа қайшы әрекеттерді дәлелдейтін айғақтар толық жиналып, күдікті азамат жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалып, оған қатысты пробациялық бақылау белгіленді. Жәбірленуші өз өтінішінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жеделдігін ерекше атап өтті: 

- Полицияның дер кезінде әрекет етуінің арқасында қудалау тоқтатылып, өмірімдегі тыныштық қайта қалпына келтірілді, – деп жазылған өтініште.

Өз кезегінде Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлім басшысы Елдос Бақбергенов: 

- Азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйіне нұқсан келтіретін кез келген қудалау әрекеттеріне құқықтық тұрғыдан қатаң баға беріледі. Полиция мұндай деректерге жедел ден қойып, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, – деп атап өтті ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді