Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті
Фото: polisia.kz

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында пәтер тонаумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкерелеп, жолын кесті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, топ мүшелері алдын ала келісіп, жүйелі түрде әрекет етіп, тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, азаматтардың бағалы заттары мен мүлкін ұрлаған. Қолға түсіру және одан кейінгі тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерге қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттің бірнеше дерегі анықталды. Ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қажетті тергеу және жедел іс-шаралары жүргізілуде. Мүліктік қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыс полицияның тұрақты бақылауында. 

– Криминалдық полиция азаматтардың мүлкіне қарсы жасалатын қылмыстарға дәйекті әрі қағидатты түрде әрекет етеді. Аталған топтың қызметі толық тоқтатылды. Пәтер ұрлықтарының сериясына қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталды. Біз мұндай қылмыстарды әшкерелеу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмысын жалғастырамыз. Азаматтардың тұрғын үйінің қауіпсіздігі – біздің басты басымдықтарымыздың бірі, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті