Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайының терминалын су басуына байланысты шаралар қабылданды

Алматы халықаралық әуежайының терминалын су басуына байланысты шаралар қабылданды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терминал шатырының су басу фактісіне байланысты шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті әуежайды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.

Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтіліп, барлық қажетті жұмыстар жедел режимде жүргізілуде.

Жұмыстарды аяқтау және су басу себептерін толық жою 6 ай ішінде жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мұндай бұзушылықтар алдағы уақытта дереу тоқтатылатынын, азаматтық авиация саласындағы заңнама талаптарының сақталуына және авиациялық инфрақұрылым нысандарының үздіксіз жұмыс істеуіне қатаң бақылау қамтамасыз етілетінін мәлімдейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады