Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚР Көлік министрлігі, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, БҚДА мен Алматы қаласы әкімдігі инвестиция  мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға бағытталған негізгі іс-шаралар қарастырылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастамаларды жүзеге асырады:

• 2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі;

• әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;

• инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді;

• әуежай аумағында ACI орталығымен (халықаралық әуежайлар кеңесі) аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;

• қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.

2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды. Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады.

Әуежай инфрақұрылымының жаңа инвестициялық жоспарымен қоса, негізгі-жоспардың барлық қосымша мәліметтерін Алматы халықаралық әуежайының алдағы баспасөз конференциясында (2025 жылдың жазы) толығырақ мәлімдейді. Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әуежайының жалпы ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа терминалы өткен 2024 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді