Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтау үшін қаражат бөлді

Үкімет Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтау үшін қаражат бөлді
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердегі инженерлік желілер мен жылу көздерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 мың халқы бар Үштөбе қаласын орталықтандырылған жылумен қамту «Жылыту орталығы» ЖШС-ның орталық қазандығы арқылы жүзеге асырылады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 15,3 шақырым.

2024 жылы қаланың жылу жүйесінің қуатын арттыру үшін қуаты 12 Гкал/сағат болатын блок-модульді газ қазандығы орнатылды. Оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұзындығы 1,7 шақырым болатын, тозу деңгейі 50%-ға жеткен магистральдық жылу трассасын жаңғырту қажеттілігі туындады.

Жобаның құны 870 млн теңге, оның 70%-ы республикалық бюджеттен және 30%-ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Бүгінгі таңда жұмыстардың 76%-ы аяқталды. 1,7 шақырым жылу желілерінің 1,3 шақырымы тартылды. Осы жылдың тамыз айына қарай реконструкциялауды толық аяқтау жоспарлануда.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Үштөбе қаласының тұрғындары 349 абонент, оның ішінде 282 тұрғын үй мен 67 заңды тұлға үздіксіз жылумен жабдықтауға қол жеткізе алады. Авариялық жағдайлар мен технологиялық бұзушылықтардың туындау қаупі азаяды, орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігі артады.

Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымдық дамудың маңызды элементі болып саналады. Мұндай жобаларды жүзеге асыру өңірлерде өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады