Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде инфрақұрылым жүйелі түрде жаңғыртылуда. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 2,5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№2 жылу магистралін реконструкциялау жобасы шеңберінде ЖЭО коллекторынан бастап «Сити Центр» сауда үйі маңайына дейін төменге түсіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталды. Жылу магистралінің бұл учаскесі 1987 жылы пайдалануға берілген. Осы кезеңде көтергіш темірбетон конструкциялары, бекіту арматурасы біршама тозды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған учаскеде реконструкциялау жұмыстары 2025-2026 жылдары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.

Жобаны жүзеге асыру жылу желілерінің тозуын азайтуға, ыстық су берудің өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Орал қаласының жылу магистралды желілерінің ұзындығы – 249 шақырым. Нысан өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта тозу деңгейі 50%-ды құрайды. Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті