Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Заңсыз айналымға қарсы күрес: Алматыда есірткі курьері ұсталды

Заңсыз айналымға қарсы күрес: Алматыда есірткі курьері ұсталды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында елде есірткінің таралуына жол бермеу бойынша мақсатты іс-шараларды жалғастыруда, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды. Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген. Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың “экстази” таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы салмағы 2,5 келіні құрады, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең. Төлем криптовалюта арқылы алынған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткі таратуда қылмыстық схемалар мен жасырын цифрлық технологияларды қолдану жауапкершіліктен құтқармайды. Ішкі істер министрлігі күмәнді, жоғары табыс уәде ететін ұсыныстардан дер кезінде бас тартуға және заң бұзбауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады