Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Екі өңірде ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

ІІМ: Екі өңірде ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” принципі аясында жұмысты жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айының екінші онкүндігінде жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткінің ірі партияларын тәркілеудің екі фактісі тіркелді. Мысалы, Абай облысында жедел ақпаратты тексеру барысында қызметкерлер 21 жастағы жүргізушіні ұстады. Оның көлігін тексеру кезінде таратуға дайын 2 келіден астам гашиш майы анықталып, тәркіленді. Ұсталған азамат интернет дүкенінің кураторының нұсқауы бойынша есірткіні таратқанын мойындады. Елорда өңірінде интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген 26 жастағы әйел ұсталды. Ол аса ірі көлемдегі есірткіні жасырын таратумен айналысқан.

Жеке тінту және жалға алынған тұрғын үйді тексеру барысында салмағы 1 келіден асатын екі пакет синтетикалық “A-PVР” есірткісі, электронды таразылар, орауға және таратуға арналған 100-ден астам Ziplock-пакет тәркіленді. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан 45 мыңнан астам бір реттік дозаға тең есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Есірткі жеткізу арналары, олардың таралу маршруттары, сондай-ақ заңсыз қызметке байланысты қаржы ағындарының көздері анықталуда. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әрбір тоқтатылған есірткі тарату арнасы — бұл дер кезінде жойылған қауіп. Ішкі істер министрлігі есірткі желілерінің қызметін олардың жасырыну тәсіліне қарамастан қатаң әрі жүйелі түрде тоқтатуды жалғастырады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады