Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аграрлық сала өкілдері 600 млрд теңгеден астам жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді

Аграрлық сала өкілдері 600 млрд теңгеден астам жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында биылғы жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың негізгі тетіктері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысты ашқан Қоғамдық кеңес төрағасы Ержан Нұрбаев саланы дамытуда теңгерімді әрі жан-жақты тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

«Жыл басынан бері аграрлық сектор оң үрдістермен қатар, назар аударуды талап ететін бірқатар жүйелі мәселелерді де көрсетіп отыр. Бүгінгі міндет – аралық қорытындыларды шығарып қана қоймай, ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық басымдықтарды айқындау. Сындарлы диалог орнап, нақты шешімдер қабылданады деп сенемін», — деді ол.

Ауыл шаруашылығы министрлігі аграршылардың қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге және саланы технологиялық жаңғыртуды жеделдетуге бағытталған кешенді шараларды іске асыруда.

Атап айтқанда, ерте қаржыландыру тетігі арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 6 млн гектардан астам алқапты қамти отырып, 500 млрд теңгеден астам сомаға жеңілдетілген несиелер берілді. Қарыз қаражаттарының қолжетімділігін арттыру мақсатында 225 млрд теңге көлемінде кредиттік кепілдіктер ұсынылды. Жалпы алғанда, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 750 млрд теңге қарастырылған.

Саланы техникалық қайта жарақтандыруға ерекше назар аударылып отыр. 2026 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы аясында 147 млрд теңгеге 3 700 бірлік техника жеткізуге келісімшарттар жасалды. Бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруға және сала өкілдерінің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында наурыз айынан бастап жылдық 6% мөлшерлемемен «Игілік» және «Береке» атты жаңа несиелік өнімдер іске қосылды. Олар асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бағытталған.

Сонымен қатар, бордақылау алаңдарын жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама жем-шөп, ветеринариялық препараттар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуды қоса алғанда, ағымдағы шығындарды қаржыландыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, қайта өңдеу кәсіпорындарын айналым қаражатын толықтыру үшін 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеу тетігі іске асырылуда. Сондай-ақ элеваторлар мен астық сақтау қоймаларын салу және жаңғыртуға арналған жаңа қаржылық құрал енгізілді. «Кең дала» бағдарламасы үлгісі бойынша жылыжай кешендері мен бақ шаруашылықтарын қолдауды кеңейту, сондай-ақ балық шаруашылығы үшін айналым қаражатын несиелеуді енгізу жоспарланып отыр. Бұл шаралар шикізат экспортын қысқартуға, терең өңдеуді дамытуға және ел ішінде жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге бағытталған.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Атап айтқанда, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, инвестициялық жобаларды іске асыру, қаржылық лизингті дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясындағы несиелеу шарттарын жетілдіру мәселелері қаралды.

«Өткен жылы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін 153 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалды. Бұл жеңілдетілген несиелеу мен лизингтің жалпы көлемінің 15%-ын құрайды және мемлекеттік қолдау тетіктерінің жоғары тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, қолдау алушылардың 90%-дан астамы – шағын және орта шаруашылықтар.
Әрине, бұл көрсеткіштер Мемлекет басшысының және Үкіметтің кешенді қолдауының арқасы. Бұрын-соңды болмаған қаржыландыру көлемі қазірдің өзінде нақты нәтиже беріп, аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға ықпал етуде», — деп атап өтті Ержан Нұрбаев.

Отырыс қорытындысында қаржылық құралдардың қолжетімділігін одан әрі арттыруға және елдің агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірленді

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады