Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ЛРТ жүйесін іске қосу үшін дайындық жүріп жатыр

Астанада ЛРТ жүйесін іске қосу үшін дайындық жүріп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ЛРТ жүйесінің іске қосылу барысы туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астанада ЛРТ-ның тестілік қолданылу барысымен, жүйенің негізгі жұмыс параметрлерімен және инфрақұрылымның дайындығымен таныстым.

Қазіргі таңда ЛРТ бойынша сынақ жұмысы іс жүзінде аяқталған, жүйе толықтай пайдалануға дайын. ЛРТ-ны жақын уақытта іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір инфрақұрылым мен абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр.

ЛРТ іске қосылғанға дейін ең алдымен станцияларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысы толық аяқталатын болады.

Абаттандыру жұмысы жаз бойы белсенді түрде жалғасады. Қазіргі уақытта жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқан негізгі тұстардың бірі – Тәуелсіздік даңғылынан «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық.

Жаз мезгіліне арналған жұмыс жоспарына мына бағыттар енгізілген:
1. Жол құрылысы: станцияларды қаланың көлік желісіне біріктіру үшін іргелес жолдар мен кірме жолдарды жайластыру көзделген.
2. Көгалдандыру: жасыл желек (ағаштар, бұталар және көпжылдық шөптер) отырғызу бойынша ауқымды жұмыс жоспарланған. Бұл ЛРТ желісі бойында «жасыл дәліз» қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жарықтандыру: түнгі уақытта қауіпсіздік пен эстетикалық тартымдылықты қамтамасыз ететін заманауи жарықтандыру жүйелерін орнату қарастырылған.
4. Абаттандыру: эстакада астында шағын сәулет нысандарын орнату және қала тұрғындары үшін тартымды аймақтарды қалыптастыру жоспарланған.

Осылайша, станциялар мен оларға апаратын жолдардың функционалдық дайындығы жақын уақытта қамтамасыз етіледі, ал ЛРТ бағыты бойындағы ландшафтық-сәулеттік келбетті кешенді түрде қалыптастыру жаз маусымының соңына дейін жалғасады. Бұл жұмысты агротехникалық нормаларды толықтай сақтай отырып, сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Сол сияқты қазіргі уақытта Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан А62 көшесіне дейінгі аралығында құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Нысанның жалпы ұзындығы 4,6 км құрайды.

Жоба аясында көше-жол инфрақұрылымын кешенді дамыту қарастырылған: жаяу жүргіншілер жолдары мен веложолдар салу, автотұрақ орындарын абаттандыру, сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату, суаруға арналған су құбырын тарту, сондай-ақ көгалдандыру аймақтарын әзірлеу. Бірінші кезекте станцияларға іргелес аумақтарды абаттандыру және оларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кіреберіс жолдарды жайластыру жұмысы орындалып жатыр
Қазіргі уақытта Тәуелсіздік даңғылы жағынан асфальт-бетон жабынын төсеу және абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Биыл Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан «Нұрлы Жол» теміржол вокзалына дейін өтпелі қозғалысты қамтамасыз ету жоспарланған. Бекітілген кестеге сәйкес қозғалысты кезең-кезеңімен ашу көзделген.

Сондай-ақ жолды әрі қарай С.Шаймерденов көшесіне (жобалық атауы – А-62) дейін ұзарту жоспарланып отыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады