Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада биыл бір миллион жасыл желек отырғызылады

Астанада биыл бір миллион жасыл желек отырғызылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл қалада 1 миллион жасыл желек отырғызылатыны туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ауа райының жылынуына байланысты елордада жөндеу-қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс басталды. Әріптестеріммен бірге қаланың барлық ауданын аралап шығамыз. Жаяу аралау барысында жұмыс жоспарына түзетулер енгіземіз. Осы демалыс күндері жол салу және жөндеу жұмысы басталады.

Сол сияқты қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталды. Биыл да қаламызда көгалдандыруға ерекше назар аударамыз.

Шамамен 1 млн жасыл желек (көшеттер, бұталар, ағаштар) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ ЛРТ жобасы желісі бойындағы аумақтар да абаттандырылады.

Күн сайын қалада санитарлық тазалау, жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар жүріп жатыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады