Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды

Алматы құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Астанада 2026 жылы 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында U20 санатындағы жастар арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, алматылық палуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық есепте бірінші орын иеленді. Қала құрамасы жарыста 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Ел чемпиондары:
- Расим Рамиль (57 кг);
- Сейдахмет Сұңқар (70 кг);
- Ерғали Бейбарыс (92 кг);
- Дурсунов Самир (97 кг).

 Күміс жүлдегерлер:
- Русланұлы Әлібек (52 кг);
- Әбіл Ерхан (79 кг);
- Әбдіхалық Нұрсұлтан (92 кг).

 Қола жүлдегерлер:
- Нұралыев Жеңісбек (57 кг);
- Қуанған Мансұр (65 кг).

Спорт басқармасының мәліметінше, Алматы құрамасы жарысты сенімді әрі нәтижелі өткізіп, бірнеше салмақ дәрежесінде тұрақты өнер көрсетті. Осылайша, алматылық палуандар жастар арасындағы еркін күресте қаланың көшбасшылық орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді