Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды

2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шара еліміздің 11 өңіріндегі аграрлық сектор өкілдерін қамтиды. Атап айтқанда, бағдарлама Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дәнді және майлы дақылдарды сақтандыру мүмкіндігіне ие. Дәнді дақылдар бойынша үш кезеңді сақтандыру 15 мамыр мен 15 тамыз аралығын, ал екі кезеңді сақтандыру 15 маусым мен 15 тамыз аралығын қамтиды. Майлы дақылдар үшін үш кезеңді сақтандыру мерзімі 15 маусымнан 14 қыркүйекке дейін, ал екі кезеңді сақтандыру 15 шілдеден 14 қыркүйекке дейін белгіленген.

Мемлекет тарапынан сақтандыру жүйесіне қолдау көрсетіліп, сақтандыру полисі құнының 80 пайызы субсидияланады. Бағдарламаны іске асыру бойынша төлемдердің операторы – «Аграрлық несие корпорациясы».

Өтінімдер Kezekte.kz порталы арқылы онлайн форматта қабылданады. Сақтандыру шарттарын уақытылы рәсімдеу аграршыларға өсімдіктердің вегетациялық кезеңінде туындайтын қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қаржылық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады