Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне 20 мыңға жуық адам қатысты

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне 20 мыңға жуық адам қатысты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана отандық және шетелдік баспалар, жазушылар мен оқырмандар жиналып, рухани байланысты нығайтатын маңызды алаңға айналды. Елордада өтіп жатқан IX халықаралық «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесіне екі күнде келушілер саны 20 мыңға жетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастыруды алғаш рет 2016 жылы қолға алған едік. Пандемияға байланысты 2020 жылы өтпей қалған болатын. Сонда биыл бұл іс-шара тоғызыншы рет өткізіліп жатыр. Жыл сайын кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысушы елдер саны көбейіп келеді. Бұрын бір елден бір баспадан келсе, биыл бір елдің өзінен бірнеше баспадан келіп жатыр. Мысалы, Түркиядан 8 баспадан мыңға жуық кітап әкелініп отыр. Делегациясы сағат сайын іс-шараларын ұйымдастырып жатыр.

Жалпы, биылғы көрмеге Ресей, Португалия, Иран, Испания, Вэнесуела сияқты түрлі 15 елден келіп қатысып жатыр. Соның ішінде Ұлыбритания биыл алғаш рет қатысты. Жалпы, көрме Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр», – деді көрмені ұйымдастырушы, «Фолиант» баспасының бас редакторы Фарида Тобашалова.

Оның сөзінше, биылғы көрмеге 85 ұйым қатысуға өтінім берген. Оның ішінде 35-і – шетелдік ұйымдар.

«Түркі дүниесіне қатысты үш үлкен кітап көрмесі бар. Оның бірі, міне, Астанада өтіп жатыр. Біз осы көрмеге биыл алтыншы мәрте қатысып отырмыз. Мұнда кітаптарымызды сатумен қатар, қазақстандық баспалармен серіктестік құрайық деп те келдік. Осы уақытқа дейін «Фолиант» баспасымен бірлесіп, түрік тілінен қазақ тіліне аударылған 100-ге жуық кітап жарық көрді», – деді Түркияның «Дамла» баспа үйінің басшысы Мехмет Баһадүр.

Биылғы кітап көрме-жәрмеңкесі Ұлттық кітап күнімен тұспа-тұс келіп отырғандықтан, халықаралық іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған Ұлттық кітап байқауының қорытындысы осы алаңда өтті. Сондай-ақ көрме аясында сиясы кеппеген ондаған жаңа кітаптың тұсаукесері өтіп, авторлармен кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Айта кетейік, 22 сәуір күні басталған «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі 26 сәуірге дейін жалғасады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады