Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ірі халықаралық кітап көрмесі оқырманды жинады

Астанада ірі халықаралық кітап көрмесі оқырманды жинады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада IX халықаралық «Astana Eurasian Book Fair — 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Іс-шараға отандық және шетелдік баспалар, жазушылар мен оқырмандар қатысып, рухани байланысты нығайтатын маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрменің ашылуында қала әкімінің орынбасары Есет Байкен сөз сөйлеп, 23 сәуірдің Ұлттық кітап күні болып белгіленуі кітап мәдениетін дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Руханият әлемі үшін бұр ерекше мерекеге айналды.

2016 жылы Фолиант баспасы осы бастаманы қолға алып міне бүгін 9-шы мәрте басымызды қосып отыр мұнда баспа үйлерінің басшылары қаламгерлер оқырмандар бас қосқан керемет алаңға айналып отыр. Бұл бастамасы үшін Фолиант баспасы басшылығына алғыс айтамыз.

Қазіргі таңда Елордада 26 кітапхана жұмыс істейді. Осыдан үш жыл бұрын мемлекет басшысы әкімдікке тапсырма берген болатын барлық кітапханаларды модернизациядан өткізу бойынша соның нәтижесінде үш жыл бұрын Астана қаласында 18 кітапхана болса қазір 25-ке жетті, қосымша 7 кітапхана ашылды.

Және 18 кітапхана толық модернизациядан өтіп заман талабына сәйкес жастарға тұрғындарға жақсы орынға айналды. Бүгінгі көрменің барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін оқырмндарыыз көп болсын",- деді Есет Байкен.

Көрмені ұйымдастырушы, «Фолиант» баспасының бас редакторы Фарида Тобашалова биылғы шараға 85 ұйым өтінім бергенін айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу», – деп айтқан болатын осыған орай міне бүгін біз көрмені өткізіп отырмыз. Биылғы көрмені Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласы қолдап отыр. Сондай-ақ ертең ұлттық кітап күні екінші мәрте тойланады.

Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық ұлттық кітап байқауының ертең қорытындысы нәтижесі салтанатты шарасы өтеді. Жалпы биылғы көрмеге 85 ұйым қатысуға өтінім берген. Оның ішінде 35-і шетелдік ұйымдар болса, 15 елден өкілдер келген. Сондай-ақ көрме аясында біздің баспаның 18 жаңа кітабының тұсаукесері өтеді. Жалпы, жыл басынан бері бұл көрмені өткізуге дайындық басталған болатын',-деді ол.

Шараға тұрақты қатысушылардың бірі — Түркияның «Дамла» баспа үйінің басшысы Мехмет Бахадүр. Ол бұл көрмеге алтыншы жыл қатарынан қатысып отырғанын айтып, қазақ және түрік баспалары арасындағы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын жеткізді.

"Бүгін көрмеге 6-шы жыл қатысып отырмын. Жалпы түркі дүниесіне қатысты үш үлкен кітап көрмесі кіреді. Оның бірі бүгін Астана өтіп жатыр. Осыған орай біз өз кітаптарымызды сатумен қатар Қазақстандық баспалармен серіктестік құрайық деп келдік. Бүгінге дейін Фолиант баспасымен бірлесіп 100-ге жуық түрік тілінен қазақ тіліне аударылған кітаптар жарық көрді",-деді ол.

Көрмеге келген жас оқырман Әлімхан Ұланбек те өз ойымен бөлісті. 3-сынып оқушысы динозаврлар мен батырлар туралы кітаптарды ұнататынын айтты.

"Бүгін көрмеде бұл тақырыпта кітаптар көп екен. Сол үшін бүгінгі көрме маған ұнады. Мен жыл сайын осы кітап көрмесіне келіп тұрамын Кітап оқыған бала білімді, ақылды болады және тарихты жақсы білетін болады",-деді Әлімхан.

Айта кетейік, көрме аясында Ұлттық кітап күніне орай республикалық кітап байқауының қорытындысы жарияланбақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады