Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің жұмысына белсене қатысқаны үшін Феридун Синирлиоғлыға ризашылығын білдіріп, бұл платформа Орталық Азия мен көрші аймақтарға ортақ экологиялық мәселелерді шешу жолын бірлесіп іздеуді көздейтінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феридун Синирлиоғлы орнықты даму, климаттың тұрақтылығы, су ресурстарын тиімді басқару және өзара экономикалық байланысты кеңейту салаларындағы ықпалдастықты дамытуға ниет танытты.

Президент еліміз ЕҚЫҰ-мен барлық үш өлшем бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады. Ұйыммен арадағы серіктестік 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясы қағидаттарына негізделгенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары, демократия мен заң үстемдігі ұлттық басымдық ретінде қарастырылатынына назар аударды. Президенттің айтуынша, еліміз Әділетті Қазақстан құру жолында ауқымды саяси және институционалдық жаңғыру бағдарламасын іске асырып жатыр. Жақында өткен референдум мен жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің саяси жүйесін жаңартудағы маңызды кезең саналады. Қолға алынған реформалар заң үстемдігін нығайтуды, билік институттарының есептілігін арттыруды және мемлекетті басқарудың орнықты моделін қалыптастыруды көздейді.

Феридун Синирлиоғлы Өңірлік экологиялық саммитке шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі климат және экология күн тәртібін қалыптастырудағы Қазақстанның рөліне жоғары баға берді. Сонымен қатар Бас хатшы еліміздің Ұйым жұмысына ерекше үлес қосып отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феридун Синирлиоғлы өңірлік және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады