Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттер басшылары Өңірлік экологиялық саммиттің көрме павильондарын аралады

Мемлекеттер басшылары Өңірлік экологиялық саммиттің көрме павильондарын аралады
Фото: Ақорда

Президенттер мен шетелдік делегациялардың басшылары RES 2026 EXPO жасыл және орнықты технологиялар халықаралық көрмесіне барды. Қазақстан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және басқа да мәртебелі меймандарға Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның павильондары таныстырылды. Мұнда жасыл энергетика мен табиғи ресурстарды басқару салаларындағы ұлттық басымдықтарға ден қойылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Экспозициялар орнықты экожүйені сақтауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға, экологиялық мәселелерді шешудің тың тәсілдерін қарастыруға, Арал маңын қайта қалпына келтіруге үндейді.

Мемлекеттер басшыларына аймақ елдеріндегі бизнестің экожобалары көрсетілді. Аталған бастамалар аясында компаниялар жасыл энергетика, экологиялық орта қалыптастыру және қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарында өндірістік шешімдер ұсынады.

Көрме әлемнің 30 елінен келген 240-тан астам қатысушы мен халықаралық серіктестердің басын қосты. 120-дан аса павильонда орнықты даму саласындағы озық бастамалар көпшілік назарына ұсынылды. Мемлекет пен бизнес арасындағы диалог алаңына айналған инвестициялық форум ерекше маңызға ие.

Экспозицияда орнықты даму мен экологияның өзекті мәселелері талқыланатын халықаралық кездесулер, сарапшылар арасындағы пікірталастар өтіп жатыр. Сондай-ақ инновациялық жобалар мен жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Жасыл» стартаптардың байқауы ұйымдастырылды. Меймандар аймақ елдері дизайнерлерінің туындылары мен экологиялық кино фестивалін тамашалай алады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді