Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орал қаласында IV халықаралық экологиялық форум өткізілді

Батыс Қазақстан облысында IV халықаралық «Uralsk Green Forum» Халықаралық экологиялық форумы өтті. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған шараға Қазақстан Республикасының Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов, қалдықтарды басқару, жасыл трансформациялар саласындағы сарапшылар, қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын өңірлік компаниялар, салалық министрліктер мен ведомствалар жетекшілері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Шараның негізгі мақсаты – Батыс Қазақстан облысы дамуының негізгі факторы ретінде қалдықтарды басқару саласындағы маңызды мәселелерді, қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заңнаманың жаңа принциптерін, өңірдегі қалдықтарды басқару деңгейі мен «жасыл» бизнесті дамытуды талқылау болып таблылады. Сонымен қатар форум аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялардың арнайы көрмесі шараға қатысушылар назарына ұсынылды.

КПО Бас директоры Джанкарло Рую экологиялық форумды құттықтау сөзімен ашып, аталмыш шараны ұйымдастыру игі дәстүрге айналып келе жатқанын атап өтті. Сарапшылар, ғалымдар, бизнес пен қоғам белсенділерінің басын біріктірген форум төртінші жыл қатарынан өткізілуде. Қазіргі таңда экологиялық мәселелер талқыланып, кең ауқымда өткізілетін аталмыш шара маңыздылығы өршіп тұр.

«Экологиялық жауапкершілік – КПО-ның корпоративтік саясатының ажырамас бөлігі. Біз өз қызметімізді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін тиімді, сенімді және қауіпсіз өндіріс, әлеуметтік және экологиялық проблемаларға жауапкершілікпен қарау негізінде жүзеге асырамыз. UGF экологиялық форумы қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заңнаманың жаңа принциптерін, өңірдегі «жасыл» инвестицияларды дамыту мәселелерін талқылайтын мемлекет,  бизнес және азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог алаңын ұсынады», - деді Д.Рую.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өз сөзінде  облысымыз әрі қарай да «ең таза өңір» аталымына лайық болу үшін шаһардың экологиялық дамуына аса мән беретіндіктерін айтып өтті. Облыс басшысы өз сөзінде «Бұл БҰҰ қабылдаған тұрақты дамудың 17-мақсатына сәйкес келетін біздің миссиямыз бен стратегиямыздың дәлелі болады»,- деді.

Форум делегаттары аталған шараның айрықша тиімділігін атап өтіп, қатысушылардың жоғары сарапшылық деңгейі күн тәртібінде тұрған мәселелердің жан-жақты талқылануына септігін тигізгенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, Eicon компаниясының тұрақты даму бойынша сарапшысы Сергей Цой экологиялық міндеттерді шешу өңірдің тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуының негізі екенін алға тартты.

«Тұрақты дамуға ірі бизнестің қатысуынсыз қол жеткізу мүмкін емес. КПО өзін бұл тұрғыда сенімді серіктес ретінде дәлелдеген компания және осы форумның өткізілуі де соның бір дәлелі», - деді С.Цой.

Сонымен қатар КПО Бас директоры өз сөзінде «КПО Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуіне ауқымды үлес қосу жұмысын жалғастырып, өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі мәселелеріне баса назар аударады. Қалдықтарды басқару – КПО жасыл трансформациясы бағдарламасының ажырамас бөлігі. Компания қалдықтарды басқару саласында ең озық технологиялар мен әдістерді қолданады. Мақсатымыз – өз нысандарымызда қалдықтарды қайта өңдеу, полигондарға қалдық тастаудың көлемін азайту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту», - деді.

Форум қатысушылары атап өткендей, талқылауда көтерілген барлық маңызды мәселелер болашақта ескерілетін болады. Олар бойынша нақты шешімдер мен шаралар қабылдау үшін кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, өзекті сұрақтар бойынша мәселелер Батыс Қазақстан облысының тұрақты даму стратегиясының дайындау жұмысында назарға алынады.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді