Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы кезең-кезеңімен шешілуде

Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы кезең-кезеңімен шешілуде
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Еркебұлан Оразалин айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары аудан мектептерінде орын тапшылығы байқалған. Осыған байланысты 2023 жылдан бастап жаңа білім беру нысандарын салу және қолданыстағы мектептерді кеңейту жұмыстары қолға алынды.

Жыл басында №35 мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта №56 мектепте және №17 мектеп-интернатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Самал-2 ықшамауданында 300 орындық және №30 мектепте 180 орындық қосымша ғимараттардың құрылысы жалғасуда. Аталған жобалардың нәтижесінде 2026 жылдың соңына дейін 780 жаңа оқушы орны ашылады.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да орын санын арттыру жұмыстары жүргізілуде. №112 балабақшада 290 орынға арналған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал «Думан» ықшамауданында 320 орындық жекеменшік балабақшаның құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, биыл жалпы сыйымдылығы 500 орын болатын 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарланған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар білімге қолжетімділікті арттырып, аудан бойынша орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады