Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылып, қолданыстағы білім ошақтары кеңейтіледі

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылып, қолданыстағы білім ошақтары кеңейтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Жетісу ауданында халық санының өсуіне және оқушы орындарының тапшылығын азайтуға байланысты әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Боралдай көшесінің бойында салынған №225 мектептің құрылысы толық аяқталды. 1200 орынға арналған жаңа білім ордасын жаңа оқу жылының басында ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, шілде айының соңына дейін №112 мектепке салынған 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталады. Ал желтоқсанда №43 мектепті қайта жаңғырту жұмыстары тәмамдалып, 280 орындық қосалқы нысан пайдалануға беріледі.

Ауданда қосымша білім беру жүйесі де қарқынды дамып келеді. Құлагер шағынауданында балалардың ғылым, техника, өнер, экология және спорт бағыттары бойынша білім алып, шығармашылығын дамытуына мүмкіндік беретін Инновациялық шығармашылық орталығын салуға арналған жер телімі анықталды.

Сондай-ақ, «DAMU Bala» бағдарламасы аясында ауданда қосымша білім беру қызметін ұсынатын 78 ұйым жұмыс істеп тұр. Бүгінде олар шамамен 5 мың балаға қызмет көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады